"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » «Мектеп, ата- ана , оқушы арасындағы байланыс»

 
 
 

«Мектеп, ата- ана , оқушы арасындағы байланыс»

Автор: admin от 13-05-2016, 02:43, посмотрело: 1449

8

Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүние жүзілік алдыңғы қатардағы ақыл –ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін , халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін , мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жанартуды талп етеді. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жанарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық,экологиялық,этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігі пайда болды.
Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан- жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешкенді бағдарламасы қолға алынды. Бұл заңды Білім және ғылым министірлігі ұсынып , оқушыларға БҰҰ-ның құқығы , ҚР-ның «Білім туралы» заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы»,
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын үйретіп, кеңінен насихаттау көзделген.Адамдар тұлға болып, өзәндәк жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаның қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлғаның ерекшеоігі- ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс- әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшеоігімен дараланады. 
Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастартәрбиесі- басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс –тұрысы, сөйлеу мәдениеті, ішкі жан дүниесі, киім киісі- бәрі баланың назарынан тыс қалмайды» деген. Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбие жинақталып , белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек. «Аамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –ол адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби. Сапалы білім алмайтын, тәрбие қонбайтын адам жоқ. Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұрақтарға жауап берудің өзі ойландырады. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата- аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңдеткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата- аналардың байланысы да күрт төмендеп кетті. Олай дейтінім отбасында берілген тәрбие мен мектептегі берілген тәрбиенің арасында байланыс жоқ сияқты. Яғни бала, мектеп, ата-ана арасында байланыс жоқ деген сөз.Бала –біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. «Баланы бастан »дейді халық. Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, ата- ана , мектеп, қоғам ынтымақтастығын ойласқанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Қазіргі жас балғын бала- ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеииердің мән- маңызын түсінетін жаны да , тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді.Ендеше бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз жат әрекеттер байқалғаннан ақ ата-ана, мектептыйым салып , дұрыс жолға бағыттау олардың бойына адамгершілік , кішілік , әдептілік,ізгілік қасиеттерін дарыту керек. Мектеп қабырғасында оқушы 6 сағат сабақ оқып, 2 сағат үйірмеге қатысатын болса , қалған 16 сағаты үйінде , болмаса ат-ананың тәрбиесінде деген сөз.Сол16 сағатта өз баласына ақыл айтып, мағаналы әңгіме , сабағына қарап , оң тәрбие беретін ата-аналарымыз азайып бара жатыр. Бұл сөзімді дәлелдеп өтейін. Мұғалімнің жайы белгілі. Саяси науқан , көше тазалау, тағы тағылары мұғалімнің мойнында. Сол жаңағы айтқан баланы түнде көше аралап үйіне тарату да сол мұғалімнің мойнында.Неге?Өйткені ол балаға мұғалім не сынып жетекші сі жауап беруі керек. Ал сол баланы дүниегк әкеліп , қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын дейтін ата-аналарымыз қайда? Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласында былай деген : «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі , мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген жасқыншақ болмақ, ашық көңілді, сауықшыл ел- жұрттың баласы да сондай болмақ».
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әректтерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік тұғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркемөнер, «Аулалық клубтар »т.б. сі-әрекетке үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылуда. Әр оқушы кез- келген үйірмелері мен секцияларға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатысып , өзінің жеке басына тән керекті қасиеттерді ұйренуге мүмкіндік алады.
Мектептегі тәрбие жұмысы елдегі барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, түрлі клубтармен бірлесіп жүргізгенде ғана нәтижелі болатыны белгілі.Өкінішке орай осындай ұйымдар, яғни ақсақалдар кеңесі , ата-аналар комитеті, әйілдер кеңесі т.б. клубтардың жұмысы көзге көрінбей келеді. Егер осы ұйымдардың жұмыстары жанданып отырса , тәрбие жүйесінде елдегі ең жоғары, ең керек ақылшы ұйым ретінде бағаланары сөзсіз.
Қазіргі таңда еліміздегі тұрақты дамудың стратегиялық бағыттарының қарқындылығы, қоғамның жедел саясаттануы мен ашықтығы , ақпараттанудың пәрменділігі білім берудің философиялық негіздеріне , білім алдында білім берудің философиялық негіздеріне , білім жүйесінің мақсаты мен мазмұнына, оны жүзеге асырудың әдіс –тәсілдеріне деген жаңаша көзқарастар қалыптастыруда.
Білім беру мекемелері мен педагогтар алдына жалпы адамзаттың құндылықтары мен ұлттық рухани мұраларды игерген , білімділігі мен қабілет- қарымы арқылы әлемдік кеңістіктен өзіне тиесілі орын алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауындағы «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік , тәрбиелік деңгейімен анықталады» деген сөзі білім берудің ұлттық моделіне көшкен білім беру мекемелерінің ,әрбір педагогтың мақсат- мұратына , жол басшысына айналары сөзсіз.
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

Жаңадан қабылданған ҚР-ның «Білім туралы»заңын, ҚР-да білім беру дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын,12 жылдық білім беруге көшу ұстанымдарын орындай отырып , ҚР- ның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі үшін педагогтар қауымы өз бойындағы күш –жігерін оқушыларға сапалы білім , үлгілі тәрбие беруде аямайды деп сенемін. Тәрбиелі бала , баланың болашағы деп шырылдайтын ата- ана ,қоғамның өз деңгейінде жүруіне әсер ете алатын ардагерлер кеңесі, әйілдер кеңесі т.б. жұмысы жандана берсін.

 

Категория: Ата-аналарға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *