"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » Гүлзамира Ашірбекова байқау

 
 
 

Гүлзамира Ашірбекова байқау

Автор: admin от 21-12-2017, 07:45, посмотрело: 1800

7

1. Қайырлы күн, құрметті байқауға қатысушылар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін мектебімізде рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мақсатында 9- 10 сыныптар аралығында «Абай оқулары» байқауына қош келдіңіздер.

2. Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет,ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану-Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз.

1.Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев көрегендікпен «Адамзаттың Абайы» деп артына аманат етіп қалдырған ұлағаттары әлем халықтарына ортақ екендігін баса айтқан болатын. «Әдебиетіміздің негізіне қалаған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек.

2. Байқауды өткізу мақсатымыз,оқушыларға Абайдың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетін, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау , отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді.

1.Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы , халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып , жаңа өріс алып тұр.

2.Байқау шарттары: Бұл байқауға 9-10 сыныптар аралығындағы оқушылар қатыса алады.Көркем сөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген үміткерлерге жол ашық.

1.Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі, әлем әдебиетінің жарық жұлдызының бірі – Абай туралы сыр шертпекпіз.

2.Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой. Абайдың сөзі –халқымыздың ,ұлтымыздың ұраны. Абай –алты алаштың иесі, қазақтың ұлы ақыны.

1.Жас ұрпақ үшін Абай –өнегенің , өнердің , әділеттің, адамгершіліктің, адам ұлы бола білудің , халық үшін күресудің үлгісі.

2.-Қош келдіңіз, талапты дос, дарынды,

«Абай оқуына» қос барыңды.

Жермен келіп, көкпенен қайтасыңдар,

Бұл оқу байытады жас жаныңды.

Құрметті қауым! «Абай оқулары» байқауын ашып беру үшін ДОІЖ Зияханов Арман ағайға сөз береміз.

1.І тур. «Өлең –сөздің патшасы...» мәнерлеп оқу . Бұл турда Абай өлеңдерін мәнерлеп оқиды.Оқушылардың мәнеріне,өлеңнің санына қарай бағаланады.

2.ІІ тур. «Құлақтан кіріп, бойды алар...».Бұл турда Абай әндерін нақышына келтіріп орындайды.

1.ІІІ тур. «Абайды кім жақсы біледі ?» /Сұрақ-жауап/

2.ҮІ тур. «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен».Бұл турда оқушылар өз шығармашылығы бойынша Абайға арнап шығарған өлеңдерін оқиды,Абай туралы үйде жазып келген эсселерін қазылар алқасына тапсырады.

1.Ү тур. Көрініс . «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» Абайдың тағылымды өмірінен не шығармашылығы бойынша дайындаған көріністерін көрсетеді.

2.Барлық сынып өз өнерін, білімдерін көрсетті.Әділ қазы алқалары өз бағасын беріп, жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар болып шыққан жеңімпаз сыныпты анықтайды.

1.Шын хакім,сөзің асыл-баға жетпес,

Бір сөзің мың жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар.

Өлтіріп талай жанды , жүгін артар.

Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хакім ата,тыныш бол, қадірің артар.

2.Осымен Ұлы Абайдың құрметіне арналған байқауымыз аяқталды.Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Категория: Мұғалімдер

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
13 октября 2021 13:51

MatthewPrign

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
algebra homework help
research paper services


Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *