"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » Соғыс және тыл ардагерлері

 
 
 

Соғыс және тыл ардагерлері

Автор: admin от 5-02-2017, 00:42, посмотрело: 1348

7

Ардагерлерді ардақтайық, ағайын!


Алдағы жылы Ұлы Жеңіске 72 жыл толады. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік пен өрліктің хас үлгісін көрсеткен майдангерлерді мадақтау, олардың алдында бас иіп құрметтеу – бүгінгі ұрпақтың бұлжымас парызына айналуы тиіс. Жыл өткен сайын сол бір сұрапыл соғыстың куәгерлері – қаһармандардың қатары сиреп барады. Сондықтан да ардагерлерді ар­дақтап төрімізге шығарып әлпештеуіміз керек.30-қыр-2014

Ардагерлерді ардақтайық, ағайын!

Атыраулық мұнай өңдеушілердің майдангерлерге құрметі

Алдағы жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік пен өрліктің хас үлгісін көрсеткен майдангерлерді мадақтау, олардың алдында бас иіп құрметтеу – бүгінгі ұрпақтың бұлжымас парызына айналуы тиіс. Жыл өткен сайын сол бір сұрапыл соғыстың куәгерлері – қаһармандардың қатары сиреп барады. Сондықтан да ардагерлерді ар­дақтап төрімізге шығарып әлпештеуіміз керек.

Қан майданда толарсақтан саз кешіп, мұз жастанған, қарша бораған оққа кеудесін тосқан қарт жауынгерлер сый-сияпат атаулының бәріне де лайық. Сонымен бірге, ешқашанда ұмытылмайтын Жеңіс жылында іске қосылған қазақ мұнай өңдеу саласының қарашаңырағы – Атырау мұнай өңдеу зауытының да 70 жылдық мерейтойы атап өтілмек. Зауыттықтар кәсіпорын тарихын Жеңіс тарихымен тығыз байланыстырады. Кезінде бұл зауытта 300-ден астам соғыс ардагері еңбек етіп, бейбіт өмірде де өнеге танытқан. Қанды қырғыннан аман-есен елге оралғаннан кейін де қа­тарға тұрып өндірісті өркендетуге зор үлестерін қосқан. Қазіргі таңда қарт май­дангерлердің төртеуінің ғана көзі тірі. Олар – В.Коноплева, И.Отрошко, Ш.Бареев, Д.Яшков. Ал Атырау қаласында барлығы 53 соғыс ардагері және 3 соғыс ардагерінің жесірі тұрады.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын елімізде кеңінен мерекелеу қарсаңында іс-шаралар бастау алды. Соның бірі – ардагерлерге арналған қайырымдылық акциялары болып отыр. «ҚазМұнайГаз-өңдеу – маркетинг» АҚ компаниялар тобының құрамына кіретін Атырау мұнай өңдеу зауыты өңірде ең алғашқы болып қалалық әкімдіктің ұйымдастырған қайырымдылық акциясына қатысты. Қала әкімі Нұрлыбек Ожаев бастап Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Қайрат Оразбаев, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Құсайын Орынбасаров, еңбек ресурстары басқармасының басшысы Гүляра Өтеғалиева қоштаған топ соғыс ардагерлеріне шынайы жүрекжарды лебіздері мен ілтипаттарын білдіріп, төбелерін көкке көтерді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты жасаған сияпатқа таяуда ғана 90 жастың төріне шығып мерейтойларын атап өткен Раиса Васильевна Захарова мен Вера Влади­мировна Буянова ие болды. Раиса Васильевна майдан даласында байланысшы болып ерлік көрсеткен, Сталинград түбіндегі қиян-кескі қанды ұрыстарға қатысқан. Соғыстан соң Гурьевтегі геологиялық экспедиция құрамында талмай жұмыс істеп, толайым табыстарға жеткен.

Ал Вера Владимировна болса жан беріп, жан алысқан соғыс жылдарында әскери гос­питальда жарақат алған жауынгерлерді емдеп, талай түнді кірпік ілмей өткізген. Қазір ол өзінен өрбіген ұрпағының мейіріміне бөленген асыл әже.

Мерейтой иелерін арнайы құттықтап барған зауыт және әкімдік өкілдері қаржылай тарту жасап, түрлі сыйлықтар табыстады. Зауыт атынан ардагерлердің бәріне гүл шоғы ұсынылып, 70 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық және «Атаба» компаниялар тобы желісінен сауда жасауға 20 мың теңге көлеміндегі сертификаттар берілді.

Қайырымдылық акциясы аясында Атырау қаласындағы ардагерлер саяба­ғында ауқымды мәдени іс-шаралар ұйым­дастырылды. Соғыс және еңбек арда­герлеріне қала әкімі Нұрлыбек Ожаев, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры Қайрат Оразбаев, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі директоры Бақытгүл Хаменова жылы лебіз­дерін білдіріп, амандық-саулық тіледі. Театрландырылған көріністер қойылып, әскери-патриоттық әндер шырқалды. Ардагерлер зауыт басшылығы мен ұжы­мына және қалалық әкімдікке зор құрмет көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Жауын­герлер ерлігі мен қайыспас қайсарлық дәстүрін дәріптеп, оны өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған акциядан ардагерлер риза болып, сый-құрметке бөленіп қайтты.

 

 


 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

Категория: Туған өлке

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *