"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » «AFTER EFFECTS» бағдарламасының мүмкіндіктері

 
 
 

«AFTER EFFECTS» бағдарламасының мүмкіндіктері

Автор: admin от 6-02-2017, 01:01, посмотрело: 2154

11

«Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Ғылыми зерттеу жұмысы

Тақырыбы:

«AFTER EFFECTS» бағдарламасының 
мүмкіндіктері

Бағыты: Жаратылыстану- математикалық 
Секциясы:
Пәні: Информатика
Ізденуші: 10 «Б» сынып оқушысы
Тұрабеков Қазыбек Манарбекұлы
Ғылыми жетекші:информатика пәні мұғалімі
Қарсақбаева Айгүл Базарбайқызы
Жетісай қаласы
Мазмұны

I. Кіріспе......................................................................................................3 
1.1. After effects-тегі панельдер...............................................................4

II. Негізгі бөлім
2.1. Түс түзету. Rgb және alpha арналар .................................................6
2.2. Сурет салу және мәтін......................................................................10
2.3. Кейнг...................................................................................................11
2.4. Анимациялық мәтін...........................................................................13
2.5. After effects –те жарық көзін жасау..................................................15
2.6. Бейнежазбаға эффект қою.................................................................17

III. Қорытынды..........................................................................................18
IY. Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................19

Аннотация

10-сынып оқушысы Тұрабеков Қазыбек «After Effects» бағдарламасының мүмкіндіктері тақырыбындағы ғылыми жұмыстың негізгі 
Мақсаты: Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру, білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың біліктілігін арттыру, «After Effects» бағдарламасының мүмкіндіктерін сабақ өткізу барысында оқушыларға түсінік бере отырып, оқушылардың сабақтан тыс уақытта қызығушылығын арттыру, уақытты ұтымды әрі тиімді пайдалануға, бағдарламамен жұмыс жасау кезеңдері бойынша жұмыс түрлерін көрсету.
Зерттеу жұмысының болжамы: Осы оқушы мақсатты негізге ала отырып, өзін толғандырып жүрген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелер туралы жүйелі ой қозғайды. Себебі бүгінгі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті 30 елдің қатарына кіру өте күрделі мәселе. Сондықтан әрбір оқушы ақпаратты сауаттылығын арттырып, өз бетінше шығармашылық жұмыс жасау керек.
Зерттеу жұмысының жаңалығы мен дербестігі: « After Effects» бағдарламасының мүмкіндіктерін түсініп жұмыс жасай отырып, жаңа үлгідегі қосымша қызмет түрлерін енгізу. «After Effects» бағдарламасының мүмкіндіктерін терең оқып білу.
Жалпы ел мақсаты болып отырған мәселе, оқушымыздың ой-санасында үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.
Аннотация

Ученицы 10-го класса: Турабеков Казыбек. 
Научная работа на тему: «Возможности программы «After Effects» 
Цели: Увелечить качество знаний в процессе введения информационной технологии; 
• улучшить знания учеников в информационном обучении;
ознакомить учеников во время урока с возможностями « After Effects» ;
• заинтересовать учеников в свободное от уроков время;
использовать виды работы с программой и методы её выполнения.

Прогнозы исследовательной работы:
В процессе достижения заданной цели ученик должен заинтересоваться о волнующих его информационно-коммуникационных технологиях. Так как в настоящее время очень важно нашему государству ввойти в состав 30-ти конкурентноспосоных, развитых государств, поэтому каждый ученик должен улучшать свое информационное образование, самостоятельно выполнять творческую работу. 
Новшество и отличия исследовательной работы:
Изучить возможности программы «After Effects» и уметь работать с ней; 
Я верю, что если у ученика имеется большая цель, то в будущем он сможет подумать о судьбе странны и вырастет гражданином, который будет защищать интересы своей страны.
Anotation

form: 10th
pupil: Turabekov Kazibek.
the theme of scientific work: «Possibilities of programs « After Effects» 
Aims: To enrich quality of knowledge during information-communicative technology process. 
• To introduce pupils with opportunities of programs « After Effects» during lesson.
• To enlarge pupils interest in their free time 
• To use their time with advantage
• To show aspects of work with programs .
Monitoring of research work
Pupils must think about impressive him information-communicative technologies. Our Country should enter into 30 competitive, developing countries, so every pupil should improve his information knowledge and do his creative work unaided.
Innovation and distinctions of research work
• To understand facilities of After Effects
• To learn program of After Effects 
• To learn possibilities of After Effects program
• I believe that if every pupil has in his mind a big goals, in future he l think about destiny of his country and will grow as a citizen of his country and defend it.
Мазмұны

I.
Кіріспе......................................................................................................3 
1.1. After effects-
тегі панельдер...............................................................4

II.
Негізгі бөлім
2.1.
Түс түзету. Rgb және alpha арналар .................................................6
2.2.
Сурет салу және мәтін......................................................................10
2.3.
Кейнг...................................................................................................11
2.4.
Анимациялық мәтін...........................................................................13
2.5. After effects –
те жарық көзін жасау..................................................15
2.6.
Бейнежазбаға эффект қою.................................................................17

III.
Қорытынды..........................................................................................18
IY.
Пайдаланған әдебиеттер.....................................................................19
КІРІСПЕ
Adobe After Effects
бағдарламасы видеоны, динамикалық бейнелерді өңдеуді, композицияны, анимацияны және түрлі эффекттерді жасауды үйренгісі келетіндерге арналады. Adobe After Effects бағдарламасы түсірілген видеоны (пост-продакшн), жарнамалық роликтерді, клиптерді, анимацияларды, көркем және телевизиялық фильмдерді өңдеуде, сонымен қатар өзге де сандық видеоэффектерді қажет ететін жағдайларда қолданылады
After Effects – Adobe Systems
компаниясының бағдарламалық жасақтамасы, бейнежазбаларды өңдеуге, анимациялар, титрлар жасауға, сондай- ақ визуальдық эффектілерге арналған қуатты құрал. Кинода, телевидениеде, жарнамалық роликтер жасау кезінде, компьютерлік графика қолданылатын басқа да салаларда пайдаланы- лады. Бағдарламаны іске қосу кезінде алғашқыда экранда Welcome to Adobe After Effects терезесі пайда болады, ол төмендегілерден тұрады:
• Recent Projects – бұған дейін құрылған немесе бұған дейін ашылған жобалар тізімі;
• Open Project – жобаны (бұған дейін құрылған) ашу;
• New Composition - жаңа композиция құру; 
• Tip of the Day – бүгінгі күнгі кеңес. Бағдарламаны қосқан сайын бұл терезенің пайда болуын алып тастау үшін Show Welcome and Tip of the Day at startup өрісінен қанат белгісін өшіріп тастаңыз. 
Welcome to Adobe After Effects терезесі 

AFTER EFFECTS-ТЕГІ ПАНЕЛЬДЕР
Project (Жоба) - Жоба туралы және бейнежазба, суреттер, дыбыстар, композициялар және т.с.с. барлық импортталатын материалдар туралы ақпаратты бейнелейді;
Composition (Композиция) - композицияның көрсетілген уақыттағы жай-күйін көрсетеді;
Toolbar (Құралдар) - негізгі командаларға тез арада қатынау үшін қолданылады; таңдалған құралды бейнелейді
Командалар жолы - мұнда бағдарламаның барлық командалары мен құралдарына қатынауға болады;
Info (Ақпарат) - меңзердің ағымдағы жайы мен түс сипаттамалары туралы ақпарат береді;
Preview (Алдын-ала қарау) - бұл панельдің көмегімен алдын-ала қарауды басқару жүзеге асырылады;
Eff ects & Presets (Эффектілер мен Шаблондар) - қол жетерлік сүзгілерден, эффектілер мен шаблондардан тұрады;
Timeline - мұнда композицияны редакциялаудың негізгі процесі жүзеге асырылады. 
Енді бағдарламаның жұмыс аймағымен танысайық. After Effects икемді
жұмыс кеңістігін ұсынады.
After Effects-тегі панельдер

Бұл панельдер де Window ендірмесінің көмегімен бейнелене алады. Сіз,
панельдердің орнын ауыстыра отырып, жұмыс кеңістігін өз қалауыңыз бойынша бабына келтіре аласыз. Панельді, оның атауына тышқанның сол жақ тиегін кідіре басып тұру арқылы ауыстыруға болады. Панельдің көк түсті орналасу аймағы пайда болған кезде, тышқанның тиегін босатыңыз.

Панельді жылжыту
Панельді жабу үшін панельдің атауының жанында тұрған жабу белгісін
басыңыз немесе Window мәзіріндегі керекті панельдің атауына басып қанат
белгісін алып тастаймыз.

Effects & Presets панельі
Панельді бүкіл экранға өрістету үшін меңзерді өзіңізге керекті панельге
келтіріп, «Ё» батырмасын басыңыз немесе панельдің мәзір батырмасына
(әрбір панельдің жоғарғы оң жақ бұрышында) басып Maximize Frame пунктін
таңдаймыз.

Панельдің бабын келтіру мәзірі
Əр панельді сондай-ақ жаңа терезеде ашуға болады – бұл үшін Undock
Panel пунктін таңдау қажет.

Панельді жала терезеде ашу параметрі

Бастапқы панельдерді қалпына келтіру
ТҮС ТҮЗЕТУ. RGB ЖӘНЕ ALPHA АРНАЛАР 
Түс түзету (Color Correction) – түсті өзгерту, After Effects-тегі негізгі және көп қолданылатын операциялардың бірі. Əуесқойлық камераға түсірілген ро- ликтер кинодағы суреттер сияқты емес, мүлде өзгеше көрінетіндігін байқаған боларсыз. Түстер көбінесе табиғи емес, реңсіз болып көрінеді. Сондықтан, түсірілген кадрлардың көбі түс түзетуді қажет етеді.

Түстердің сарғыш реңдері
Бейнежазбаның түсін түзету түпкі роликтің сапасын айтарлықтай жақсарта алады. Атап айтқанда, түс түзетудің көмегімен бейнежазбаның немесе кескіннің сапасыз аппаратураны пайдаланудан туындаған кемшіліктерін түзетуге болады, сондай-ақ суретті қабылдауға жағымды, неғұрлым жарқын және бояуға толы етіп көрсетуге болады. Бұдан басқа, түс түзету құралдарын пайдалана отырып қажетті ат- мосфераны жеткізуге болады. «Тақ таласы» сериалының мысалында қарастырайық. Солтүстікті түсірген сценалар көк «салқын» реңмен берілген болатын, ал Хан гавані сияқты «ыстық» жерлер сары, қызыл және т.с.с. «жылы» реңдердің көмегімен берілген. 

Түстердің салқын реңдері
Түстердің жылы реңдері

Түске байланысты мәселелер көбінесе адам көзінің айналасындағы түстерді іс жүзінде қандай болса сол күйінде қабылдайтындығынан және жарықтың өзгеруі оған еш әсер етпейтіндігінен туындайды. Бұл – оның фото- аппарат объективінен айырмашылығы. Фотоаппарат түстің ең бір болмашы өзгеруіне дейін әсер етеді. Мысалы, қызыл түсті бөлмеде отыратын болса, адамның беті қызыл реңге енеді, жасыл желектің ортасында – жасыл реңге өзгереді. After Effects материалдың түсін түзетуге арналған, бояу қанықтығын, контрастты, ақ түстің балансын, т.б. өзгертуге мүмкіндік беретін әртүрлі құралдар ұсынады. Түске байланысты операциялардың барлығы Командалық жол панеліндегі Effects – Color Correction ендірмесінде орналасқан. Бұдан басқа, Effects мәзірін тышқанның оң жақ батырмасына басып, қабаттың өзінде немесе Timeline панеліндегі оның атауында шығарып алуға болады. 
Түс түзету үшін Adobe After Effects программасында түрлі эффектілер берілген.Солардың арасындағы Curvers эффекті жұмыс істеуге оңай әрі қолайлы. Curves түс түзетуді бабына келтіруге арналған. Curves R, G және B және RGB арналарында жұмыс істеу мүмкіндігін береді.Аталған қисықты бабына келтіру мысалдары:
Curves эффекті
RGB арнасындағы қисық сызықтың мәні неғұрлым төмен болса, кескін соғұрлым күңгірт түсті болады, және керісінше.

Түстің күңгірт нұсқасы

Түсітің ашық нұсқасы

Түстің қанық нұсқасы
Түс түзетудің басқа эффектілеріне өздеріңіз тәжірибе жүргізулеріңізге
болады.
RGB арнасынан басқа кейбір кескіндердің кескіннің айқындығына жауап беретін Alpha арнасы бар. Timeline панелінен күз көрінісіндегі қабатты жүктей отырып (тек осы қабатты ғана) және оған Alpha арнасынан қарай аламыз.

СУРЕТ САЛУ ЖӘНЕ МӘТІН
After Effects -те де Photoshop -тағы сияқты сурет салу құралдарымен сурет салу мүмкіндігі бар. Оларды пайдалану және тез қатынау үшін Paint жұмыс кеңістігін таңдап алыңыз.

After Effects-тегі жұмыс панельдерінің тізімі
Сол жақтан Paint және Brushes панельдері, сондай-ақ, сурет салатын Layer орталық панелі пайда болады. Paint панелі сурет салудың әртүрлі параметрлерін бабына келтіреді. Brushes панелінде біз қылқаламды және оның көлемі мен қатқылдығын таңдауымызға болады. Өзіңіз сурет салатын ақ түсті біртұтас қабат жасаңыз White Solid (Layer – New – Solid…). Бұл қабатты Layer панелінің терезесінде ашу үшін, оған тышқанмен қосарлас басыңыз. Brush Tool құралын таңдайық та, кез-келген суретті салайық.

Құралдар панеліндегі Brush Tool құралы
Енді White Solid қабатын өрістетіңіз. Эффектілер тобы қосылды, ал онда Paint эффекті бар. Суреті салынған әрбір элемент қабаттың қасиеттерінде Brush бағыныңқы қабаты ретінде бейнеленеді. Əрбір бағыныңқы қабаттың сол жағындағы «көз» таңбашасын басқан кезде, суреті салынған элемент Layer панелінде көзге көрінбейтін болып қалады.
КЕЙНГ
Заманауи фильмдердің ешқайсысы бұл технологияның қолданылуынсыз түсірілмейді. Сіз байқаған боларсыз, фильмдердің көпшілігі бүгінгі таңда, соңынан қажетті фонға өзгертілетін жасыл экран фонында түсіріледі:

Фильмнен алынған бастапқы кадр жасыл фон
Мұндай жасыл экран Хрома кей (Chroma key), ал оны қажетті фонға өзгерту процесі кеинг деп аталады. Сонымен, кеинг – бұл екі немесе одан да көп қабаттардың үйлесуі, бұл кезде қалқа ретінде кез-келген бірқалыпты түс қолданылады. Түсіру үшін ең кеңінен таралған, кеинг кезінде қолданылатын түс жасыл мен көк, дегенмен теория жүзінде кез-келген түс қолданылуына болады Кино түсіру үшін көбінесе жасыл фон, телебағдарламалар мен хабарлар түсіру үшін көк түсті фон қолданылады. 
* Қызыл, сары, қызғылт сары жəне басқа да осы сияқты түстер кеинг үшін қолданылмайды, себебі бұл түстер дене терісінің түсіне жақын, бұл кеингтің дұрыс болмауына əкеп соғады.

Еріншектер елі фильмін түсіру процесі
After Effects -те кеингке арналған арнайы эффектілер болады, олар Effects – Keying ендірмесінде. Keylight (1, 2) эффектін таңдайық. 

Keylight фонның түсі жасыл немесе көк кескіннің кейнгі үшін қолданылады. 
Жасыл фон әр уақытта ойдағыдай жойыла қоймайды. Мысалы, фонның түсі бірқалыпты емес делік, бұл жағдайда фон толық жойылмағандықтан, қосымша бабына келтірулерді қолдану қажет болады. Screen Gain параметрі берілген қабаттың жасыл түсінің деңгейін көрсетеді. Егер фон толық жойылмаған болса, онда бұл параметрдің мәнін ұлғайту қажет. 
АНИМАЦИЯЛЫҚ МӘТІН
Көптеген бейнежазба және киноларда бейнежазба мен киноны тамашалаудан алдын таныстыру немесе жарнама тексті шығады.Әсіресе кино саласында бұл үдеріс жақсы дамыған.Яғни кино басталардан алдын киноны ұсынған компаниның өзін таныстыруы.Adobe After Effects программасында анимацилық текст жазуды сізде қолдана аласыз.Анимациялық текстке мысалдар:
Анимациялық мәтін
Анимациялық текст арқылы әр жобады сіз өзіңіздің мектеп не мекемеңізді видео арқылы оңай түрде таныстыра аласыз.After Effects программасында бұдан басқада көптеген эффектілі анимациялық тексттерді жасай аласыз. Мысалы:

Лазерлі анимациялық мәтін
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

 

Бояулы анимациялық мәтін


Тұманды анимациялық мәтін

Түрлі -түсті тұманды анимациялық мәтін
AFTER EFFECTS –ТЕ ЖАРЫҚ КӨЗІН ЖАСАУ
3D кеңістікте жұмыс істей отырып, қабаттарға жарық түсіретін жарық көзін жасауға болады. Ол Layer – New – Light мәзірінің тармағының көмегімен жасалады.
Жарық көзін жасау
Пайда болған диалог терезесінде Parallel (параллельді), Spot (бағытты),
Point (нүктелік) немесе Ambient (шашыраңқы) сияқты жарық көзінің типін
таңдап алуға болады. Нүктелік жарық көзін таңдайық.

Компазиция терезесіндегі жасалған жарық көзі (ағаштың алдында)
Light 1 жарық көзінің жанында Light Options параметрі бар, онда жарық
қарқындылығы (Intensity), жарық көзінің түсі (Color), жарықты бұлыңғырландыру (Falloff), көлеңке жасау (Cast Shadows) және т.б. сияқты бабына келтірулердің бірқатары бар. Жарық көзінің қарқындылығын өзгертеміз.
Intensity = 135 %
Intensity = 135% болған кездегі нәтиже
Көріп тұрғанымыздай, Композицияның жарық көзі орналасқан оң жағы
жарықтанды. Енді жарық көзінің түсін (Color) ашық күлгін түске өзгертейік.

Əртүрлі қызықты эффектілер алу үшін жарық көзінің, оның
қарқындылығының, түсінің және т.б. қозғалу анимациясын жасауға болады.
БЕЙНЕЖАЗБАҒА ЭФФЕКТ ҚОЮ
Адамның қиялындағы фантастикалық жанрды бәріміз білетініміздей біздер өз көзімізбен бейнежазба мен фильмдерді көргенде көп байқаймыз.Алайда кейде сол бейнежазбада өзіңіздің болғаныңызды қалайсыз.Adobe After Effects программасында сіз осыған қол жеткізе аласыз.Яғни әр түрлі эффектілер арқылы өз мақсатыңызға жетесіз.
Магия-от,су,найзағай,жаңбыр және қар табиғат күштерін сіз өз қолыңызбен жасай аласыз.Яғни Adobe After Effects программасында эффектілер арқылы магияны басқар алатындай бейнежазбаға қол жеткізесіз.
Су әсері
Найзағай әсері 
Оттың әсері
Сонымен қоса клондар жасауды да After Effects программасында жасай аламыз. 
Клондар
Қорытынды
After effects бағдарламасының мүмкіндіктері өте кең.Мұнда бейнежазбаларға түрлі эффектілер салып өзгертуге болады.Бағдарламада бірнеше бөлімдер бар және әр бөлім жеңілден қиынға қарай көтеріле береді.Қарапайым Paint бөлімінде оңай анимация жасай алатын болсақ,Animation бөлімінде анимация күрделірек бола түседі.After effects бағдарламасында жоғарыда айтқандай түрлі эффектілердің көмегімен таныстыру немесе жарнама мәтіндерін безендіріп анимациялауға немесе жәй ғана жазу етіп қою мүмкіндігі қарастырылған.Эффектілерді қолданудың өзі де бір бөлім.Яғни After effects бағдарламасындағы Effects бөлімі арқылы эффектілермен жұмыс жасай аламыз.Мұнда эффектілердің 200-ге жуық түрі бар.After effects мүмкіндігін бәріміз қолдана аламыз,бірақ негізінен бұл бағдарлама кино саласында көмегі көп тиеді.Замануй фильмдерді қарағанда түрлі эффектілерді байқаймыз.Ал сол эффектілер осы бағдарламада көңінен таралған.Әсіресе кейнг саласы жақсы түсіндірілген.After effects-те тек артқы фонды ғана емес адамның бейнесінде өзгертуге болады.Мысалы алар болсақ әлемдік деңгейде өз орнын ерекше тапқан фильм «Пираты карибского моря» осы әдісті пайдаланған.Бұдан бөлек «Терминатор»,«Призрачный гонка»,«Фантастическая четверка» және т.б. фильмдер осы әдісте жасалған.«Боевик» фильмдерде және атыс-шабыс фильмдердегі атыс кадрлерінде міндетті түрде адамға оқ тиеді.After effects бағдарламасында бұл да қарастырылған.Қан орнына түрлі химикаттарды қоспай эффект арқылы адамға оқ тиген кадрды жасай аламыз.Сонымен қоса оқтың шыққан дауысында жасау After effects-те қарастырылған.
After effects бағдарламасындағы Paint бөлімі бейнелеу сабағының мұғалімдеріне жақсы көмек.Мұғалімдер өз шәкірттеріне анимациялық сурет салып,оны бейнежазба етіп сақтаса және оқушыларға көрсетсе сөзсіз мұғалімге де оқушыға да оңай түседі.Бұдан бөлек After effects арқылы интернет жұлдызы болуға да болады.Түрлі эффектілерді пайдаланып,әсерлі бейнежазба жасаса және бейнежазбаны «Инстаграм»,«Вконтакте» т.б. желілерге немесе «Youtube»,«Rutube» және басқада сайттарға жіберсе бейнежазбаның әсерінен көрермен саны көбейіп жанкүйерлеріңіз пайда болуы мүмкін.Анимациялық мәтінніңде көмегі үлкен.Себебі сіз өзіңіз түсірген бейнежазбаны аниманиялық мәтін арқылы таныстырасыз және оны эффектілер арқылы ерекше етіп көрерменді қызықтырып қоя аласыз.Менің ғылыми жұмысымда осылар қамтылған.

Пайдаланған әдебиеттер
1. А.Жвалевский, Д.Донцов " After Effects”, -СПб.:Питер, 2004,-225 c.:ил.
2. Александр Тайц, Александра Тайц " Adobe Effects”, Санкт-Петербург, "БХБ-Петербург”, 2004 ж.
3. Бурлаков М.В. Самоучитель по компьютерной графике. Изд. Санкт –Петербург. 2000 г.
4. А.М.Тайц,А.А.Тайц Самоучитель Adobe After Effects12 СПб: БХВ -
Петербург 2006 - 688 с
5. Михаил Бурлаков, Н.В.Кумалова "After EffectsX3”, Санкт-Петербург, "БХБ-Петербург”, 2006 ж., -529 с.:ил.
6. Дик Мак-Клелланд, Барбара Обермайер After EffectsX4 для
«чайников» М: Издательский дом «Вильямс» 2004- 448 с.
7. http://www.hollywoodcamerawork.us


<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->









Категория: Оқушылардың зерттеу жұмыстары

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *