"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау

 
 
 

Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау

Автор: admin от 9-02-2017, 22:47, посмотрело: 3687

14

Тақырыбы Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау
Мақсаты Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды. 
Күтілетін
нәтижелер Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді.
Түйінді идея Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Тренердің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Миға шабуыл 
(10 мин)
Топпен жұмыс:
«Бала тағдыры» шағын әңгімесінен топтарға бөліп беру. 
Бала тағдыры
Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұрды. Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін және оларды көргеніне риза екенін айтты.
Бұл, әрине, жалған болатын, өйткені алдыңғы қатарда мұғалім жақсы көрмейтін бір бала бүрісіп отыр еді. Басқа оқушылармен сияқты онымен де былтырғы оқу жылында танысқан. 
Сол кездің өзінде-ақ ол баланың өз сыныптастарымен ойнамайтынын және киімнің лас екенін ешқашан жуынбағандай иіс шығатынын бақылаған болатын. Уақыт өткен сайын мұғалімнің бұл оқушыға деген көзқарасы нашарлай түсті. Оның жазба жұмыстарын қызыл қаламмен шимайлап, екі қоятын жағдайға жетті.
Бір күні мектептің оқу жөніндегі орынбасары алтыншы сыныптың оқушыларының мінездемесіне талдау жасауды тапсырды, мұғалім сүйкімсіз оқушының мінездемесін ең соңына қалдырды. Ол баланың мінездемесін қолына алған кезде төбесіне мұздай су құйып жібергендей болды.
Бірінші сыныпта оқытқан мұғалім: «Бұл көзі нұр шашқан керемет бала. Үй тапсырмасын таза және ұқыпты орындайды. Оның мұғалімі болу да үлкен мәртебе»,- деп жазыпты. Екінші сынып мұғалімі ол туралы: «Ол ғажап оқушы, оны жолдастары да сыйлайды, алайда отбасында проблема бар: мамасы айықпас дертке шалынды. Шамасы оның үйдегі өмірі өлім мен күреске айналған сияқты», - деген екен.
Үшінші сынып мұғалімі: «Анасының өлімі оған өте ауыр тиді. Бала барынша тырысады, бірақ әкесі оған еш көңіл бөлмейді. Егер бір шара қолданылмаса, оқуы нашарлап кетуі мүмкін»,- деп мінездеме беріпті.
Ал төртінші сынып мұғалімі: «Баланың оқуға құлқы жоқ. Достары да жоқ. Сабақтың үстінде жиі ұйықтап қалады» - депті.
Мінездемені оқып болған мұғалімнің жүрегі сыздап кетті. Жаңа жылда барлық оқушылар оған жылтырақ қағазбен оралған сыйлықтар әкеліп құттықтап жатқанда, ол бала мыжылған қоңыр қағазға оралған түйіншекті қолына ұстатты. Кейбір балалар күле бастағанда, мұғалім түйіншекті ашып ішінен 
бір көзі жетпейтін білезік пен түбінде азғантай ғана қалған иіссуды алып шықты да:
- Қандай керемет білезік! – деді де, құтыны ашып, әтірден аздап үстіне септі. Оқушылардың күлкісі сап тыйылды. Сабақ соңында бала жанына келіп, ақырын ғана:
- Бүгін сізден менің мамамның иісі шықты, - деді
Бала шығып кеткен соң мұғалім ұзақ жылады. Осы күннен бастап ол тек математиканы, әдебиетті оқытып қана қоймай, балаларды мейірімділікке, жанашырлыққа оқыта бастады. Біршама уақыт өткеннен кейін сүйкімсіз оқушысы өмірге орала бастады. Оқу жылының соңында ол үздік оқушылардың біріне айналды. 
Мұғалім оқушылардың барлығын жақсы көрем деп айта бергеніне қарамастан, шындығында ол тек қана бір баланы жақсы көретін.
Бір жыл өткеннен кейін ол өз қағаздарының арасынан хат тауып алды. Ашып қараса, бала: «Сіз менің өмірімдегі ең керемет ұстазсыз!»,- деп жазған екен.
Тағы да бес жыл зулап өте шықты. Бұл кезде мұғалім басқа сыныпқа ауысқан еді. Сөйтсе бұрынғы оқушысы өзінің ең жақсы ұстазы болып қала беретінін жазған екен.
Тағы да төрт жыл өткеннен кейін мұғалім өз оқушысынан хат алды. Онда өзінің колледжді жақсы бітіріп, университетке түскенін, бітіргенін және өміріндегі ең жақсы көретін ұстазын сағынып жүргенін айтыпты. 
Уақыт зулап өтіп жатты. Күндердің күнінде мұғалім тағы бір хат алды. Оқушысы университетті жақсы бітіргенін, әкесінің екі жыл бұрын қайтыс болғанын және жақында үйлену тойы болатынын хабарлапты. Бала өзінің сүйікті мұғалімін өз тойында ата-анасы отыратын жерден көргісі келетінін айтты. Әрине, мұғалім қуана келісті. Той болатын күні ол баяғы бір көзі жоқ білезікті киіп, байғұс баланың есіне түсіретін иіссуды сатып алды. Алдынан жүгіріп шыққан бала мұғалімін құшақтай бергенде, мамасының иісі есіне түсіп:
- Менің осы өмірге керектігімді сезінуге, өз күшіме сенуге мүмкіндік бергеніңіз үшін сізге өте ризамын, - деді даусы дірілдеп.
Мұғалімі көзіне жас алып:
- Қателесесің, керісінше, сен мені бәріне үйреткен. Сенімен жақын танысқанға дейін мен қалай мұғалім болу керек екенін білген жоқпын... – деді.

Берілген екі тапсырманы төрт топ жұмыс жасап қорғайды, өз ойларын ашық айтады, бірін –бірі толықтырады, смайлик арқылы бағалайды.
Түйін :Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады,сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған
қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Модерация
(45 мин) Алгоритм
1.Жағдайға бойлау. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың мақсаттары мен құндылықтары. Білім беру платформасын қарау.
2.Топтарға бөлу.
Қатысушыларды қар лақтыру ойыны арқылы топқа бөлу.
Мақсаты: қатысушыларды сергіту. Көңіл күйлерін көтеру. Топқа бөлу.
Алгоритмі: жерде жұмбаздалып бүктелген қағаздар шашылып жатады. Әрбір қағазда сөздер жазылған. Оны қатысушылар көрмейді. Олар бір-біріні қағазды қар ретінде лақтырады. «Стоп» белгісі берілгенде әрбір қатысушы бір-бір қағаздан ұстап қалуы тиіс.
1. Карточкалар мен нұсқау.
Топтарға тапсырма: «Сын тұрғысынан ойлаудың әдістері жеке тұлғаға қалай әсер етуі мүмкін?» 
2. Топтық жұмыс.
Әр топ осы сұрақ төңірегінде ойланып, постер қорғайды. 
3. Таныстырылым туралы нұсқау
Тренер таныстырылымды қалай жүргізу керектігін айтады.
4. Командалар таныстырылымы.
Топтар өз таныстырылымдарын жасайды.
5. Тренердің жіктемесі.
Оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі.
8.Қорытынды. 
Бағалау (5 мин) Топтар бірін–бірі бағалайды
Сергіту (10 мин)
Өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын әндер айтқызу.
Мақсаты: қатысушылардың көңіл – күйін ретке келтіру. Шаршағандарын басу.
Алгоритмі: әрбір қатысушы өз есімінің алғашқы әріпіне сәйкес келетін бір – бір әннен айтады.
Социометрия 
(15 минут) Топтарда тақырыптың қаншалықты меңгерілгенін білу үшін жүргізіледі. Шкалалар арқылы (жеткіліксіз, қанағаттанарлық, толық) деңгейді анықтау жүреді. 
Рефлексия 
(5 мин)

6. Бүгінгі тренингтен сіз қандай құндылықтарды байқадыңыз?
7. Кері байланыс сұрақтарына жауап береді.

8. Стикерлерге бір сөйлеммен жазып қорытады.

Категория: Мұғалімдер

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
13 октября 2021 17:59

MatthewPrign

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
type essay online
online paper editing


Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *