"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » Коучинг сабақ

 
 
 

Коучинг сабақ

Автор: admin от 9-02-2017, 23:19, посмотрело: 1625

8

Коучинг жоспары 
Тақырыбы « Lesson Study» әдісі 
Мақсаты Ой-талқылар арқылы мұғалімдерге «Lesson Study» әдісі арқылы сабақты жоспарлауды үйренеді, зерттеу тәсілін қолдана алуын дамыту. 
Күтілетін нәтиже «Lesson Study» әдісін сабақта қолдану арқылы іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуді үйренеді. 
Түйінді идея Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау. Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау. 

Ресурстар Постерлер, маркер, стикерлер, тарапта парақтар, бейнеролик, интерактивті тақта, ноутбук. 
Бағалау 1.Мұғалімдер арасында сенімділік нығая түседі. 
2.Мұғалімдер өзара шығармашылық топта «Lesson Study» тәсілімен жұмыс жасауды қарастыруға бағыт-бағдар алады. 

Сабақ барысы 
Коучинг кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Қатысушының 
іс-әрекеті Ресурс Уақыт Күтілетін нәтиже Эвалюация 
Сәлемдесу Коучингтің тақырыбын, мақсатын түсіндіреді. Қатысушылар тыңдайды. Интерактивті тақта. 1 минут Оқу бағдарламасымен танысады. Бастапқы іс – әрекетті бағалау. 
Ынтымақтастық атмосферасы Қатысушыларға қармен атқылау ойынын өткіземін (умаждалған қағаздар).Екі топқа бөлемін. 
Не ұнағанын, не ұнамағанын сұраймын. Қарама-қарсы топ 
бір-бірін қармен атқылайды. Қай топта қар аз қалса сол топ жеңіске жетеді. Умаждалған қағаздар- қар. 1 минут Сергиді, бойларын жазады. Өзгерістің бастамасы бірлесе қимылдау. 
Топқа бөлу Өлең шумақтар бойынша топқа бөлу. Қатысушылар берілген өлең шумақтарын құрастырып, топқа бөлінеді. Қағазға жазылған сөздер. 4 минут Еркін эмоционалды орта қалыптастыру. Ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, ойларымен бөлісу. 
Топпен жұмыс Миға шабуыл «Вот что значит команда» бейнеролик көрсетемін. 
Топ мүшелерінің жеке, жұппен, топпен түйіндеуін сұраймын. 1.Бейнероликті көреді. 
2.Топ мүшелері жеке-жеке және топта ойларын айтады. 
3.Постерге түсіреді (қатысушылардың ортақ шешімі). 
Бейнеролик, интерактивті тақта, флипчарт, маркер. 1 минут 
3 минут 

6 минут Коллабаративті ортада жұмыс жасайды. Ақылды мақсаттармен жұмыс жасау, ұжымдық қабілеттің дамуы. 
Топпен жұмыс 
«Lesson Study» тәсілі жайлы бейнеролик көрсетемін. 
Пит Дадлидің нұсқаулығындағы №1 кестемен таныстырамын. «Lesson Study» тәсілі жайлы бейнеролик көреді. 
Пит Дадлидің нұсқаулығындағы №1 кесте бойынша сабақты жоспарлау кестесін құрастырып, интерактивті тақтада қорғайды. Бейнеролик, интерактивті тақта 4 минут 

20 минут 

6 минут « Lesson Study» әдісін қолдануды, жүргізуді және А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу керектігін біледі. Қадағалау, бақылау, бастаған істі аяқсыз қалдырмау, нәтиже шығару. 
Сергіту сәті Қатысушылармен бірге жаттығу жасайды. Жаттығу жасайды. Интерактивті тақта, бейнеролик. 3 минут Балаша мәз болып, бойларын сергітті. Бірлікте, ынтымақтастықта, достықта қимылдау. 
Рефлексия Нені үйренгендерін білу үшін ақ қағаз таратамын. Қағаз бетіне қолының саусақтарын қойып, сызуларын сұраймын. Әрбір саусақтың бойына жазу жазады. 
Бас бармақ- тағы қандай жұмыстар жүргізу керек? 
Балан үйрек- жаңа не білдім? 
Ортан терек- маған не жеткіліксіз болды? 
Шылдыр шүмек- коучинг барысындағы психологиялық ахуал, 10 балл бойынша. 
Кішкентай бөбек- маған ең қатты ұнағаны... Қатысушылар өз қолдарының кескінін қағаз бетіне түсіріп, әр саусақ бойына сұрақтарға жауап жазады. 
Интерактивті тақта. 5 минут Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Өзін – өзі бағалай отырып, кәсіби өсулеріне бағыт алу. 
Кері байланыс Стикерге жазған ойларын жүрекке жапсырады. Өткізілген коучинг пен өздерінің жетістіктері бойынша ойларын стикерге жазу арқылы білдіру. Стикерлер. 3 минут Өз ойларын жазады. Тәлімгерге деген көзқарастарын білдіре отырып, өзгерістің не үшін қажет екенін түсінеді. Жұмыста белсенділік таныту, ары қарай жандандыру, кәсіби өсуіне ықпал жасау.

Категория: Мұғалімдер

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
14 октября 2021 05:01

MatthewPrign

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
personal statement editing service
custom essay writing


Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *