"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » Мәдениет,этнография

 
 
 

Мәдениет,этнография

Автор: admin от 9-02-2017, 22:02, посмотрело: 1333

7
Мәдениет 
Мақтарал ауданының тұрғындарына мәдени қызмет көрсету ісімен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын 25 мәдениет үйі мен клубтар және 35 кітапхана, „Асықата мәдениет және демалыс саябағы" айналысады.
Бүгінгі таңда мәдениет үйлері мен клубтарда 124, кітапханаларда 76, „Асықата мәдениет және демалыс саябағында" 45 штат бірлігі бар.
Аудандық мәдениет үйінің жанында «халықтық» атағын алған 6 өнер ұжымы, атап айтқанда «Асықата» халық театры, «Көңілашар» халық ұлттық аспаптар оркестрі, «Мереке» халық ұлттық аспаптар ансамблі және халық хоры, сондай- ақ, қолөнер шеберлері, бишілер, вокалды аспаптар ансамблі, домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Мәдениет үйіндегі халықтық ұжымдармен қатар елді мекендердегі мәдениет үйлері мен клубтар жанынан құрылған көркемөнерпаздар үйірмелері 2008 жылы «Халықтық» атағын алған Гагарин атындағы орта мектебінің «Салтанат» бишілер тобы мен Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжінің «Аққу» ән би ансамблі де халыққа өз өнерлерін жүйелі түрде көрсетіп келеді.
2-9 желтоқсан аралығында «Мақтаарал» мәдениет үйінің өнерпаздары «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай «Мәңгілік ел-мәртебем» атты аудандағы мектеп оқушыларына арнайы концерттік бағдарлама ұсынды
15-желтоқсан күні «Қазақстан» жастар сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім» атты салтанатты жиын, концерттік бағдарлама өтті. 
Аудандағы 35 кітапхананың кітап қоры 562160 дана, (оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар 255488 дана), оның ішінде ауылдық кітапханалардың кітап қоры 472223 дана (оның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар-214752 дана). 2015 жылдың бүгінгі күніне аудандағы кітапханалардың 36909 тұрақты оқырмандары бар. а.ж. қараша айында кітапханаларда 756 мәдени көпшілік іс-шаралар (кездесулер, кітап оқырмандары конференциялары, пікір таластар, сұрақ, жауап кештері және т.б) өткізілді. Оған 24891 адам қатысты. 
Аудан аумағында 48 тарихи ескерткіш, стелла, монументтер қорғауға алынған.
Аудан орталығы Жетісай қаласында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры мен Атакент кентінде мақта шаруашылығы тарихи мұражайы бар.

Категория: Туған өлке

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *