"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » Өлкетану,табиғат және қоршаған орта

 
 
 

Өлкетану,табиғат және қоршаған орта

Автор: admin от 9-02-2017, 22:08, посмотрело: 998

0

    Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Конституцияның 20 жылдығына» арналған көрме ұйымдастырылды. «Азат елдің ар-намысы – Ата заң» атты көрмеде өткеннен сыр шертетін жарғы-ережелерден бастап, бүгінгі қоғамға тиесілі заңның жинақтары қойылған.

Бұған қоса өңіріміздегі құзырлы орган өкілдерінің, жылдар бойы сот алқасында қызмет еткен судьялардың естелік-дүниелері де келушілердің назарына ұсынылды. Оның ішінде, құқық қорғау саласы ардагерлерінің қызметтік киімдері, құнды құжаттары мен алған марапаттарын да кездестіруге болады.
Гүлмира Лазар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ақпарттандыру бөлімінің басшысы:
– Көрмеге Төле, Қазыбек, Әйтеке биден бастап, 1937 жылғы ең алғашқы Қазақ КСР-да қабылданған Конституция, 1978 жылғы және 1993, 1995 жылғы Ата заңымыздың жәдігерлері қойылған. Мұны бір күнде емес, жылдар бойы жинақтадық. Анығырақ айтсам, көрмеге жәдігерлерді жасақтау оңайға түскен жоқ. Ауыл-аймақтарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өз еріктерімен тапсыруын күттік. Ал мекемелерге арнайы сұраныс хат жолдадық. Талмай еңбектенуіміздің нәтижесінде құнды дүниелерді көпке ұсынып отырмыз. Тұрғындар арасында мұражайға тек бақилық болған адамдардың заттары қойылады деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Ал шындығында олай емес дегім келеді. Өңірге еңбегі сіңген, аса құрметті жандардың дүниелері де мұражай сөрелерінен табылады. Мекеменің археологиялық қазба бөлімінің қызметкерлері Түркістан қаласы маңындағы Күлтөбе мен Сайрам ауданына қарасты Ошақты -Ханқорған кешендерін де зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді мамандар кешендерде 5-6 ай бойы жүріп, тапқан жәдігерлерін мұражайға әкеледі. Мұнда қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалып, құжаттама рәсімделеді. Одан кейін әкелінген заттар көрме -залына қойылады. Қазіргі уақытта көне қалашықтардан көбіне байырғы заманда тұрмыста қолданылған керамикалық дүниелер, темір, қоладан жасалған қару-жарақтың алуан түрлері табылуда. Олар міндетті түрде біздің мұражайға жеткізіліп, құнды жәдігерлердің қатарын толықтыратын болады.
Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мәдени ошаққа қабылданған, яғни, жинақталған жәдігерлердің басым бөлігі қор сақтау бөлімінде сақталады. Ал қараңғыланған қойманың ауа қысымы қалыпты, 18-20 градуста болуы тиіс. Бүгінде 95 жылдық тарихы бар облыстық өлкетану мұражайында 93 000-нан аса жәдігер бар. Оның 2294 -і жарты жылда жиналған дүниелер. Ал, Ата заңға қатысты экспонаттар саны 400-ге жуықтаған. Сондай-ақ, өлкетану мұражайы тұрғындар тарапынан түсетін жәдігерді жинақтау үшін жаңа бастаманы қолға алмақшы. Яғни, жергілікті жұртшылық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізбек. Ондағы мақсат ауыл-аймақтардан біздің заманымызға дейінгі І ғасырдан бастап қазіргі қоғамға тиесілі дүниелерді жасақтау болып отыр.

Категория: Туған өлке

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *