"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » Түркістан – шамшырағы қайта жанған көне шаһар

 
 
 

Түркістан – шамшырағы қайта жанған көне шаһар

Автор: admin от 28-10-2018, 11:45, посмотрело: 1074

11

      Екі бірдей қала қайта түлейді Бұл Прези­дент­тің көптің көкейіндегісін дөп ба­сып тосыннан жасаған сыйы болды. Оңтүстік Қазақстан өңірі халқының саны жа­ғынан да, экономикалық жағынан да, халқының менталитеті жағы­нан да Қазақстанның бас­қа облыстарынан ерек­ше­леніп тұратын өзгешелеу аймақ екені жұрттың бәріне бұрын­нан белгілі жайт. Осын­­дай өңірдің орталығын Түркістанға қарай ойыстыру идеясы тектен тек туындамаса керек. Рухани жаңғыру идеясының шын мазмұны енді ашылғандай күллі қазақ халқы қуанып, бірінен бірі сүйінші сұрап жатқанына куә болудың өзі бақыт. Түркістан – еліміздегі ең көне қалалардың бірі. Түркістан тәуелсіздікке дейін де біздің рухани астанамыз деп аталып келді. Түркі әлемінің талбесігі, тірегі болатындай міндет арқалаған Түркістан өз халінше дамыды, мәдени, сауда орта­лығына айналып, өсті, халқының саны да артты. Ендігі жерде оның руха­ни, экономикалық әлеуетін одан әрі өріс­тету үшін өз алдына облыс орталығы етіп құ­ры­лып жатқанын өте батыл әрі маңыз­ды қадам ретінде қабылдадым. Түркістанымыз ежелден әлемге әйгілі қалалардың бірі болып келгені аян. Әсіресе, атақ-даңқының шығып, түбі бір түркі жұртымен жа­қын­дасып, алыс-жақынға таныл­ған кезі Әзірет Сұлтан меші­тінің салынуымен байланыс­ты өрістеді. Өзімнің де Түркі­станда балалық шағым өтті. Туған әпкем Түркістанда тұр­ғаннан кейін Түркістан екін­ші ата қонысымыздай қасиетті топырағында еркелеп, қасиетін сезініп өстік. Біздің бала күнімізде «Ахмет Ясауи мавзолейі» деп ешкім атамайтын. Ясауи атауы тек бертінде пайда болды. Діни жағынан да, діл, тіл, дәстүр жағынан да ежелгі Шығыс халқының бүгінге жеткен белгісі мен жұрнағындай болып бала­лық шағымнан қалып қойған көне бейнесі көз алдымда әлі тұр. Іргесіндегі Созаққа, арғы жағын­дағы Жаңақорғанға, қасын­дағы Арысқа немесе таяудағы Шәуілдірге ұқса­май­тын өз алдына бөлек елді ме­кен бұл. Түркістанның бүкіл жағдайын – саяси, гео­гра­фиялық, әлеуметтік жағ­дайын есепке ала отырып, күні кеше Президентіміз «Түркі­стан облысы құрылсын» деп және Оңтүстік Қазақстан емес, «Түркістан облысы атал­сын» деп Жарлыққа қол қоюы­ның өзі тек Түркістанның мәр­­те­бесін емес, күллі қазақ елі­нің мәртебесін көтер­ген­дей жұрт­тың бәріне ұнап отыр. Түркістан – түркі жұрты­ның орталығы. Бүкіл тари­хи тұлға­лары­мыздың, қазақ көшін алға сүйреген ұлы­лары­мыздың сүйе­гі сонда жатыр. Бұл онсыз да бұрыннан рухани астана болып келген еді. Енді, міне, арнайы Жарлықпен бекітіліп, айрықша мәрте­беге ие болып отыр. Онда­ғы ­мәдени ошақтар, ондағы аудан­дық көлемдегі көпте­ген кеңселер ендігі жерде об­лыстық деңгейге көтері­леді. Бұл да оңай шаруа емес. Бәрін де кең құшағына алып, берекелі пейілімен жарылқап отырған Шымкент те жетімсіреп қал­мауы керек. Миллионнан артық тұр­ғыны бар шырайлы шаһар алып мегаполиске айналды. Бұл да қуаныш. Бұйыртса, оң­түс­­­тіктің екі бірдей қаласы құл­­п­ырып, қайта түлегелі тұр. Мағ­­жан Жұмабаевтан бастап Түр­кі­­станды жырға қоспаған ақын жоқ. Мағжан «Тамаша Түркі­стандай жерде туған, түрік­т­ің Тәңірі берген несібесі ғой» деген еді, болашақты айна-қатесіз болжағандай өлең бол­ды. Кеудемді кернеген қуа­ны­­шым­ды жасыра алмай, бар қазаққа құтты болсын айтамын!

Категория: Туған өлке

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *