"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!
 
 
 

Өлең-өмір

Автор: admin от 10-02-2017, 21:45, посмотрело: 1210

3

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы 
«Тұран » мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
10-сынып оқушысы Орынбай Аяулым Ордабайқызы

Тәуелсіздік –тірегім

Тәуелсіздік–Әнұраным, Елтаңбам,
Нұрын шашсын арайланған таң алдан.
Көгімізде желбіресін Туымыз
Болашаққа басты қазақ құт қадам.

Тәуелсіздік –бейбітшілік бастауы,
Халқымыздың ашық болсын аспаны.
Бейбіт күнге жету үшін жазықсыз
Құрбан болған талай елдің жастары.

Тәуелсіздік–қазағымның тірегі,
Тәуелсіздік–ата– баба тілегі.
Қол жеткізген Егеменге бүгінгі
Ұрпақтардың ақыл, қайрат, жігері.

Тәуелсіздік–атамекен тынысы,
Пейлі дархан еліміздің ырысы.
Үміт күтіп болашағын болжаған
Елбасы мен бұқараның нұр ісі.

Тәуелсіздік– Елбасымның Жолдауы,
Халқымыздың «Нұрлы жолды» қолдауы.
Елімізде Нұрлы күндер көп болып
Бейбітшілік мәңгілікке орнауы.


Ана тілі-халқымның қазынасы

Ана тілде атадым ана атын,
Теңдесі жоқ биікпен бағаладым.
Құдіретті, қуатты өміршеңсің
Елім барда елеулі саналатын.

Ана тілі-халқымның қазынасы,
Сонда жатыр елімнің мол мұрасы.
Мәртебесін көтеріп тіліміздің 
Үлес қоссын елімнің кәрі-жасы.


Елім барда тілім бар мақтанышым,
Ана тілде жүректен ақтардым сыр.
Көркейіп түрлене бер ,туған тілім, 
Шабытпен өзің жайлы жазамын жыр.
Махамбет бабамен сырласу

Махамбет бабам сен едің,
Батыр боп туған ер едің.
Ақжайықтың жағасын
Жұмақ жерге теңедің.

Бекетай Нарын мекенін
Құм екен осы демедің.
Туған жердің қадірін
Перзенті болдың білетін.

Жасыңнан алғыр санатты,
Қомданған қыран қанатты,
Зерек болдың ерекше
Ықыласыңмен талапты.

Хан баласы қызығып,
Әр ісіңді жаратты.
Ұқсатам деп өзіне
Көңіліңе қарапты.

Ер намысын бермедің,
«Ойлағаным ел» дедің.
Жағымпазға жылмақай
Бас ұрмадың, ермедің.

Езгіде қалған еліңе
«Соңымнан менің ер» дедің.
Әперем деп теңдікті
Жан қиналып терледің.

Исатайдай батырмен 
Тізе қосып ерледің. 
Қанды шайқас болғанда
Намысыңды бермедің.

Исатайдан айрылып
Құрақ ұшып сенделдің.
Қызғыш құспен сырласып
Мұңыңды шағып, шер бөлдің.

Патшадан көріп зорлықты,
Ханнан көрдің қорлықты.
Дос деп сенген адамың
Маңдайыңа сор бітті.

Қайран бабам Махамбет,
Екі ғасыр өтсе де
Құрметің көктей керемет. 
Қайран бабам Махамбет.


Махамбет бабам ер еді...

Ағытқан өлең бұлағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Махамбет бабам ер еді
Шындықтан мінген пырағын.

Әділін айтқан елі үшін,
Соғысып мкен, жер үшін.
Тікті басын өлімге
Ата-баба кегі үшін.

«Ағатай беріш»-ұраны,
Бекетай құмы- тұрағы.
Истайдай батырмен 
Қарадан қолын құрады.

Теңдік еді арманы,
Халық еді қорғаны.
Күндердің күні болғанда
Орындалды арманы.

Үлгі етеді бабаны,
Біз секілді ұрпағы.
Ұмытпаймыз ешқашан
Махамбеттей тұлғаны.



Кітап- сарқылмайтын қазына

Кітап –біздің досымыз сарқылмайтын,
Қазынасы білімнің таусылмайтын.
Үйретеді ол тарих пен мәдениетті,
Әдебиетті, дәстүр мен салттың жайын.

Ұлылардың оқыдық ұлылығын,
Кітап деген жоймайды құндылығын.
Билер мен шешендерден қалған мұра
Сен арқылы санаға сіңді бүгін.

Шындық жатыр кітаптың әр бетінде,
Сыр қып шертті сұлудың келбетін де.
Тағдыр менен тарихты таныдық біз
Не керемет барын да жер бетінде.

Сондықтан да құрметтеп әр кітапты,
Күн арнапты адамзат салтанатты.
Сыйлықтың да үлкені кітап деген
Ұстанайық осы бір қағидатты.

Жас ұрпақ, әр кітапты күтіп қара,
Біліммен кемелденген болар дара.
Байлықтың ең үлкенін дос санасаң,
Дұрыс жол сілтер саған Кітап –дана.


Ұстазыма

Жақсы көрем ұстазымды жанашыр,
Ақтарайын өзіңізге бала сыр.
Әр күн сайын мейірленіп келесің
Жанарыңда күлімдейді жаңа нұр.

Болмысыңмен баладайын баулайсың,
Үйретуден жалықпайсың, талмайсың.
Мәпелейсің анамыздай біздерді
Ешқашан да Сізді ұмыта алмаймын.

Бізге қымбат айтқан әрбір сөзіңіз,
Сізбен өтті біздің бала кезіміз.
Шәкіртіңіз шын жүректен тілейді
Ұстаз-ана, жүзге лайым келіңіз.

Сізден білдім Отанымды, елімді,
Атамекен- ұлан-байтақ жерімді.
Туған жерге деген ыстық сезімім
Сіз арқылы өлең болып өрілді.

Білім нәрін сіңірдіңіз санама,
Басымды ием ұстаз деген анама.
Ей, жарандар, өмір атты өрнекте
Ұстазыңның нұрлы еңбегін бағала.

Сұлу аңды қорғайық!

Киіктей сұлу аң бар сар далада,
Көрікті мөлдір көзі жанға дауа.
Жаратқан ерекше қып жаратыпты
Көрген жан қарайды екен таңдана да.

Зұлымдар атып алсам дейді екен,
Пайда тауып жануардың мүйізінен.
Бір кезде үйір–үйір босып жүрсе
Бүгінде ен даладан күй іздеген.

Денеде артық майды сақтамайды,
Семіздік киіктерге болар қайғы.
Жауынан қашқанында мір оғындай
Тау –тас па, су ма, шөл ме таңдамайды.

Бұл күнде дабыл қақтық сақтайық деп,
Барады киік біткен азайып деп.
Тұқымын көбейтейік сұлу аңның
Өлең де арнап оған жазайық деп.

Киіктің ең асылы біздің елде,
Білуі керек бұны әрбір пенде.
Алланың бізге тартқан сыйлығы бұл
Қорғайық киіктерді сен де, мен де.

Тағдыры қазағымның тағдырындай,
Түсінер түртері бар жан сырымды–ай.
Баптап бір қарайықшы киіктерге
Еркін жүрсін алдымызда жасырынбай.

Бесінші түлік етіп киіктерді,
Аталсын Қазақстан киік елі.
Мал –жанымыз аман боп әрқашан да
Таң қалдырып жүрейік ел мен жерді.

Бас ием тарихына хандығымның

Қазақтың тарихынан орын алған,
Ел қамын ойлап өткен хандар болған.
Елбасы еңселі елдің атап өтті
«Хандығына 550 жыл деп толған.»

Хандығымыз Керей ханнан басталады,
Хан көтеру –халқымның дәстүр- салты.
Хан дегенің бірліктің бастауы еді
Шешім айтқан сүбелі елге жалпы.

Жәнібек, Бұрындық хан бабаларым,
Батырлығы елге аян дараларым.
Қасым, Мамаш, Тақыр хан жол іздеген
Қиын қыстау кезеңде даналарым.

Қожа Мақмұт , Хақназар, Тәуекел хан,
Сыр шертеді бүгінге ғасырлардан.
Есім ханнның ескі жолы кей дәстүрде
Көненің көзіндей боп жойылмаған.

Тұрсын, Жәңгір, Әз- Тәуке , Батыр хандар,
Тарихта аты мәлім болған жандар.
Жолбарыс, Әбілқайыр, Қайып ханның
Әр ісін тарихшылар жіктеп талдар.

Хан Абылай қадірлісі осылардың,
Билікте әділдіктен тосылмады.
Үш жүздің басын қосып жауын шапқан
Шошындырып кей жаманды аруағы.

Жиып батыр-билерді жан-жағына,
Жетті Алаш ойға алған арманына.
Ұрпағына кең- байтақ жер қалдырған
Ризамын қазағымның хандарына.

Кенесары- қазақтың соңғы ханы,
Тәуелсіз ел болуды армандады.
Мал

Категория: Оқушылардың зерттеу жұмыстары

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *