"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!

» » Зияхaнов Aрмaн Aбдирaзaкович шығармашылығы

 
 
 

Зияхaнов Aрмaн Aбдирaзaкович шығармашылығы

Автор: admin от 21-12-2017, 07:16, посмотрело: 2195

7

К және L негізіндегі Тренер келіп-кеткеннен кейінгі үш айда аралық көрсеткіш бойынша мектептің екінші даму жоспарын жүзеге асыру мен эвалюациясының рефлективті есебі

Әлемнің бірнеше елдерінің білім беру жүйесінде реформаларды енгізуді қалға алынып, зеріттеумен сараптау жұмыстары жүргізілуде. Міне осы реформалардан біздің еліміз де тыс қалмай педагог қызыметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары жедел жұмыстарын бастапта кеткені рас. Біліктілк арттыру курсынан алған білімімді тәжірибемді қолданып жүргізіліп жатқан реформалардағы өзгерістерді өз мектебіме енгізуге тырыстым. Екінші бетпе-бет кезеңі де көзді ашып жұмғандай өтіп кетті. Бағдарламаның маңыздылығына дән ризалығымды білдіріп мектепке оралдым. Мектепке келген бойда шығармашылық топ мүшелерімен кездестім. Дөңгелек үстел өткіздім. Әріптестерімен кездестім. Енді мен үшін мектептің осал тұсын анықтау немесе ең алдымен дамытуды қажет деп тұрған проблеманы анықтау қиынға соққан жоқ. Себебі мен бірден сауалнама алып, мектептің даму көрсеткішіне кедергі болып тұрған мәселелерді жіберілген кемшіліктер мен кедергілерді жою үшін не істеу керектігін қарастырып, тәлім алушыммен кеңесіп атқарылатын жұмыстарымызды жоспарладық. Қажеттілікті анықтаудың ең тиімді жолы ол сауалнама болары анық еді. «Сіз мектептің даму бағытында қандай мәселеге өзгеріс енгізу қажет деп ойлайсыз? Неліктен?» сынды сұрақтар қамтылды. Сауалнаманы алып, нәтижелерін саралағаннан кейін шығармашылық топ мұғалімдерімен кезектегі кездесуді өткізіп, мектептің екінші даму жоспарын жасадық. Жоспардың басымдығын ТАЛИС сауалнамасының негізінде алдым. Басымдығым «Мұғалімдердің бағалау әдістемесін және оқу үдерісін бағалау мен талдау құзіреттілігін дамыту» тақырыбында болды. Мектептің даму жоспарының мақсаты мен міндетін қойып күтілетін нәтижемді айқындадым Яғни: Мұғалімдер өз тәжірибесінде зерттеу жұмыстарын жүргізуді жандандырады; Мұғалімдер оқыту мен оқу үрдісінде бағалаудың түрлі тәсілін енгізеді және жоспарлауда қолдану; Оқушылардың сабақта кері байланыс беру тәсілін үйрену барысында бағалай алу дағдысы қалыптастыру; Ата-аналар және кәсіби қоғамдастық топтарында оқыту үдерісіндегі өзгеріске кері байланыс жасалып, ортақ көзқарасы қалыптастыру мақсатын белгіледім. Ұжыммен таныстырып жауапкершілікпен атсалысуға шақырдым. 
Жоспарды іске асыруға кірістік. Оқу жылының соңында оқу жылын аяқтау, сыныптан –сыныпқа көшіру емтихандарына дайындық, жылдық есепке дайындық жұмыстарының жүргізілуімен тұспа –тұс келгенім біршама қиындық туғызды. Қандайда кедергіні жеңуге қажетті күш жігермен қаруландырған тренерімнің арқаксында кедергіні шешудің жолы табылды. Мектептегі «Тәжірибедегі рефлексия» курсын аяқтап сертификатталу қарсаңында тұрған мұғалімдер жоспарымды әрмен қарай жүргізуге қажететі әскер тәрізді болды. Сол тыңдаушылар жоспарымның орындалуын әрмен қарай жандандырды. 
Оқу жылының аяқталу қарсаңында, қарбалас уақытта, қорытынды аттесттаумен жылдық есептермен қатар мектепке тәжірибе енгізу оңайға түскен жоқ. Жоспарланған шаралардың ұтымдысы білінген көшбасшылық болды. Бөлінген көшбасшылық арқылы жоспар бойынша атқарылатын іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері туды. Жоспарды іске асыруды тәлім алушымен, өзгеріс тобымен жұмыс кестесін түзіп алудан бастадым. Ал, мен күнделікті орындалуын бақылауға алдым.
Сонымен бірге даму жоспарына сәйкес әр айдың бірінші дүйсенбі күні коучинг өткізу күні деп белгілеп алдық, бөлінген көшбасшылық міндеттері бойынша көшбасшылар коучингтер өткізіп отырды. Мынадай тақырыптарда бірнеше коучинг өткізілді: «Орта мерзімді сабақ жоспарын жасаудың тиімділігі», «Сыныпты бақылау және қадағалау жолдар», «Оқыту үшін бағалау және өзін-өзі бағалау», «Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі», «Бағалау және оның түрлері », «Іс-әрекетті зерттеу жұмыстарындағы мақсаттың нақтылығы»т.б 
Коучингіден кейін мүмкіндігінше әріптестерімнен алынған кері байланысты талқылап отырдық. Мұғалімдердің жазған рефлексияларымен таныса отырып, олардың бағалау мәселесінде біршама қиналатындарын және математика пәніне жаңа тәсілдерді қолдануда айтарлықтай көмекті қажетсінетінін анықтадым. Бұл менің болашақтағы жоспарларыма осы мәселелерді басты назарда ұстауым керектігін аңғартты. 
Дамудың қажетті деңгейде жүріп жатқанын бақылау мақсатында шығармашылық топ мұғалімдерімен бірге тәлім алушы ұстаздардың сабақтарына еніп отырдық. Яғни мұғалімдердің бағалау әдістемесінде қаншалықты жетістіктер бар екендігіне көз жеткізу керек болды. Дегенмен нақты өзгерісті байқау үшін кез келген ұсақ-түйекке көңіл бөлдім. Мәселен, физика пәнінен 7-сыныптағы А-ның сабағына енген кезде, мұғалімде деңгейлік оқуды аяқтап келгендіктен, топқа бөлу, топтық тапсырмалар ұйымдастыру, жоғары деңгейлі сұрақтар қою жөнінен ешбір кемшілік болмағанымен, оның бағалаулары яғни бағалауға берілген тапсырмалары Блум таксономиясының төменгі сатыларында қалып қойып жатқаны байқалды. Білу және түсіну сатысына көңіл бөлгенімен, оқушыларды бағалауда қолдану, талдау, жинақтау сатыларындағы тапсырмалар мүлдем берілмеді. Тағы да айта кетерлік жайт, мұғалім өзі тәжірибе жүзінде қарапайым мысалдар арқылы көрсетуге болатын нәрселерге мән бермегені мені ойландырды. Сабақтан кейінгі кәсіби сұхбат барысында А-ға кері байланыс беріп, осы мәселелерге тоқталдым. Кейінгі сабақтарда А. дұрыс қорытынды шығарып, жоғарыда айтылған ұсыныстарды ескергені мені қуантты.
Ауданымыздағы кәсіби қоғамдастық мүшелері бірлесіп тәжірибе алмасу мақсатында мектептеріміздегі өзгерістердің барысымен танысып отырдық. Қоғамдастық мүшелерінің сабақтар мен коучингілерге енуі, орын алып жатқан өзгерістерге өзіндік пікірлерін білдіріп, кәсіби қолдау көрсетуі мектеп жұмысының жандана түсуіне үлкен серпіліс берді. Сонымен қатар өзгеріс топ мүшелерімен кездесіп жұмыс барысын талқыладық.Бұл кездесулер ұжымға оң әсерін тигізді. Мектеп ұжымының өзгерістерге деген ықыласының байқалатынын және өзгерістің бар екенін жеткізді. Дегенмен, әлі де болса, Lesson Study-ді қолға алып, оның нәтижелерін ұжымда, кейіннен сыртқы қоғамдастық аясында бөлісу қажетілігін атап көрсетті.
Осы кездесулерден кейін төмендегі мәселелерге назар аудару керек деген ойға келдім:
1.Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау бойынша коучингілер, шеберлік сыныптарын өткізу;
2.Коучинг өткізуде өзекті тақырыптарға тоқталу;
3.Тәлімгерлік үдерісін әрі қарай жандандыру және осы бағытта жалғастыру;
4.Мектептің даму жоспарына сәйкес жұмыс барысын қамтамасыз ету.
Дамудың басым бағыттарын айқындап алғаннан кейін күнделікті жұмысыма рефлексия жасау дағдысын дамытуды қолға алдым. Апта сайын қорытынды шығарып, келесі аптаға жоспар жасап отырдым. Тәлімгерлік үдерісінің тиімділігіне жұмыс барысында көзім жетті. Сондықтан аталған үдерістің сапасын жақсартуға аса мән бердім. Тәлім алушылардың кәсіби өсуін бақылау парақшаларын жасап алдым. Бұл өз кезегінде алға жылжудың қалай жүріп жатқанын анықтауға мүмкіндік берді және жұмысымды жеңілдетті.
Білім беру саласыдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі – мұғалімдердің өзін зерттеуші деп есептемеуі. Олар зерттеуді тек ғалымдарға тән деп, өздерініңбай және құнды тәжірибесімен бөлісуді жөн деп санамайды. Зерттеудің аздығы жинақталып қалған мәселелерді шешуде кедергі болып отыр. Сондықтан біз де өз тәжірибемізге Lesson Study-ді енгізуге кірістік.Ол үшін Lesson Study тәсілі туралы ақпараттармен ұжымды таныстырдық. Шығармашылық топ мұғалімдерімен бірге LS тәсілінің қалыптасқан және орныққан қадамдарымен тағы да бір реттанысып шықтық. LS тобы құрылып, қандай сынып және қандай «үш зерттелетін оқушы» назарға алынатынын шешіп алдық. Қазақ тілі пәнінен зерттеу сабақтары жүргізіліп, әр сабақтан соң «оқушы үнін» алып, бірден талқылап отырдық. Талқылауды жоспарланған болжамдардың орындалу деңгейі, сыныптың тұтастай оқытылуы сынды құрылымда жүргіздік. Нәтижесінде Lesson Study тәсілінің тиімді тұстарын өзіміз үшін анықтадық. Аталған тәсіл тұрақты түрде жүргізілетін болса, көптеген мәселені шешуге септігін тигізеді деген қорытындыға келдім.
Әрине, әлем өзгеруде, сондықтан біз де өзгереміз. Аз уақыттың ішінде жылдар бойы қалыптасып қалған жайттарды өзгерту оңайға соқпайды. Десек те, өзгеріс бар екені анық. 6 айдың ішінде мұғалімдер тәжірибесіне біршама жаңалықтар енді. Алдағы 3 айда мектеп дамуында мұғалімдерге қоғамдастық аясында коучинг, тәлімгерлік, іс-әрекеттегі зерттеу, Lesson Study және т.б.үдерістердің басмдықтарын бағалауға бағыттап оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту үшін жұмыс жасаймын деп ойлаймын.

Категория: Мұғалімдердің шығармашылығы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *