"№7 "Тұран" мектеп-гимназиясының"ресми сайтына қош келіпсіздер!
 
 
 

Adobe Photoshop бағдарламасы

Автор: admin от 6-02-2017, 22:00, посмотрело: 6062

129

Пікір

9–сынып оқушысы Аралбай Жәудір Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері тақырыбындағы ғылыми жұмыспен шұғылданып жатыр. Сандуғаш мақсатын негізге ала отырып, өзін толғандырып жүрген Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері туралы жүйелі ой қозғайды. 
Себебі бүгінгі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті дамыған елдің қатарынан көрінуді жоспарлап отыр. Дамыған мемлекеттерде ақпараттық технологиялардың алар орны ерекше. Ал Adobe Photoshop бағдарламасының тигізетін әсері жоғары. Орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы мемлекетіміздің жастарының білімі мен біліктілігін арттыруды көздеп отырған оқушы деп білем. 
Осы мәселені мақсат етіп алдына қойған оқушы келешекте Отанын сүйіп, қадір-қасиетін жетік бағалай білетін Қазақстан азаматы болатынына сенімдімін.

Сырдария Университетінің
Информатика кафедрасының доценті: Ж. Көкеев. 
Ғылыми зерттеу жұмысы

Тақырыбы:

«Adobe Photoshop» бағдарламасының мүмкіндіктері

Бағыты: Жаратылыстану- математикалық 
Секциясы:

Аннотация
9-сынып оқушысы Аралбай Жәудір «Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми жұмыстың негізгі 
Мақсаты: Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру, білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың біліктілігін арттыру, Adobe Photoshop мүмкіндіктерін сабақ өткізу барысында оқушыларға түсінік бере отырып, оқушылардың сабақтан тыс уақытта қызығушылығын арттыру, уақытты ұтымды әрі тиімді пайдалануға, бағдарламамен жұмыс жасау кезеңдері бойынша жұмыс түрлерін көрсету.
Зерттеу жұмысының болжамы: Осы оқушы мақсатты негізге ала отырып, өзін толғандырып жүрген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелер туралы жүйелі ой қозғайды. Себебі бүгінгі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті 30 елдің қатарына кіру өте күрделі мәселе. Сондықтан әрбір оқушы ақпаратты сауаттылығын арттырып, өз бетінше шығармашылық жұмыс жасау керек.
Зерттеу жұмысының жаңалығы мен дербестігі: Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктерін түсініп жұмыс жасай отырып, жаңа үлгідегі қосымша қызмет түрлерін енгізу. Фотошоп бағдарламасының мүмкіндіктерін терең оқып білу.
Жалпы ел мақсаты болып отырған мәселе, оқушымыздың ой-санасында үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.

Аннотация
Ученицы 9-го класса: Аралабай Жаудир. 
Научная работа на тему: «Возможности программы Adobe Photoshop» 
Цели: Увелечить качество знаний в процессе введения информационной технологии; 
• улучшить знания учеников в информационном обучении;
ознакомить учеников во время урока с возможностями Adobe Photoshop;
• заинтересовать учеников в свободное от уроков время;
использовать виды работы с программой и методы её выполнения.

Прогнозы исследовательной работы:
В процессе достижения заданной цели ученик должен заинтересоваться о волнующих его информационно-коммуникационных технологиях. Так как в настоящее время очень важно нашему государству ввойти в состав 30-ти конкурентноспосоных, развитых государств, поэтому каждый ученик должен улучшать свое информационное образование, самостоятельно выполнять творческую работу. 
Новшество и отличия исследовательной работы:
Изучить возможности программы Adobe Photoshop и уметь работать с ней; 
Я верю, что если у ученика имеется большая цель, то в будущем он сможет подумать о судьбе странны и вырастет гражданином, который будет защищать интересы своей страны.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың күрт дамуы сабақты өткізудің жаңа тәсілін, яғни қашықтықтан оқытуды енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Ол біріншіден, оқып үйренушіге уақытты үнемдеуге және оқып үйренетін орынды таңдауға, екіншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі түрде оқып білім ала алмайтындарға өз бетімен білім алуға, үшіншіден, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді, төртіншіден, оқуға кететін шығынды әлдеқайда азайтады. 
Оқытушы бағдарламалардың және электрондық оқулықтардың бүгінгі таңда оқу үрдісіне енгізілуі білімгерлерді өз бетімен және қашықтықтан білім алуға жетелейді, мектептерде компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқыту әдістемесі бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Ғылыми жұмыстың мақсаты объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік графика бағдарламаларының бірі Adobe Photoshop графикалық редакторы бойынша оқытушы бағдарлама құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды орындаудың әдістемесін жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
• Құжаттармен жүргізілетін амалдар
• Мәтіндік әсерлер
• Қағаздан қар бүршігін жасау
• Фотосуретті суретке айналдыру
• Ескі фотосуреттерді өңдеу
• Адамды басқа кеңістікке ауыстыру
Қорытындыда ғылыми жұмысты дайындау үрдісіндегі орындалған маңызды әрекеттер, жұмыстың жалпы нәтижелері, оны қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі баяндалған.
1.1 Құжаттармен жүргізілетін амалдар
Photoshop бағдарламасы файлдардың әртүрлі пішімдеріндегі бейнелерді ашуға және сақтауға мүмкіндік береді. Пішім дегеніміз файлда бейне туралы ақпаратты ұйымдастыру әдісі, бұл файлды басқа қосымшаларда қолдануға мүмкіндік береді немесе оларды Internet-те, Web-беттерде қолдануға болады. Windows әлемінде файл пішімін жекешелеу (идентификациялау) үшін оның атына қосылатын үш әріпті кеңейтпесі қолданылады, мысалы, мәтіндік құжат үшін .doc немесе графикалық бейне үшін .bmp. Macintosh компьютерлерінің қолданушылары үшін файлдар кеңейтпесін қолдану қажеттілігі тек РС платформасындағы компьютерлер қолданушыларымен осы файлдармен алмасу жасағанда немесе оларды Web-беттерде орналастырғанда туады. Олар Preferences File Handling (Жалпы баптаулар Файлдарды басқару) командасының көмегімен ашылатын Append File Extention (Файл кеңейтпесін қосу) опциясын қолдана отырып файл аттарына кеңейтпелерін қосуды белсенді етеді немесе өшіреді. Photoshop-та көбіне өзінің файл пішімі .psd қолданылады. Бұл пішімнің кемшілігі мұндай файлдарды басқа бағдарламаларда ашқанда қиындықтар туындауы мүмкін. Бейне файлдарын әртүрлі программаларда қолдану қажет болғанда, оларды баспаға шығарғанда немесе оларды Web-беттерде орналастыру қажет болғанда, жалпылама пішімде сақтау қажет.
Photoshop CS-да Large Document Format (.psb) жаңа пішімі құрылған. Ол үлкен өлшемдегі файлдарды сақтауға арналған. Бұл пішім мегапиксельдік сандық фотокамераларды қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған, себебі оның көмегімен үлкен өлшемдегі бейнелер үшін қабаттар жиынын құруға, өңдеуге және сақтауға болады. Бұл пішім жаңадан құрылғандықтан, ол әлі басқа программаларда қолданылмайды, .psb кеңейтпесімен сақталған кез-келген файл тек  Photoshop CS-да ғана ашылады. Жұмысты бастау үшін файлды ашу керек немесе жаңа файл құру қажет. Жұмысты аяқтағанда өзгерістерді сақтап, құжатты жауып және бағдарламадан шығу қажет. Файлды басқару командалары File (Файл) мәзірінде орналасқан, мәзірдің командалар атауының жанында олардың жылдам өту батырма комбинациялары көрсетілген.
Жаңа құжат құру. Жаңа құжат құру үшін File New (Файл Құру) командасын орындау керек. Құрылатын құжаттың параметрларынан тұратын диалогтік терезе ашылады

1.34-
сурет. Жаңа құжат құру терезесі
Name (
Аты) өрісіне файл аты енгізіледі. Ашылатын Preset Size (Алдын-ала орнатылған өлшемдер) тізімінде құжаттың стандартты өлшемдері келтірілген. Ашылатын тізімдерде өлшем бірліктерді таңдау қажет. Жаңа құжат үшін Width (Ені) және Height (Биіктігі) өрістерінде тиісті мәндерді орнату керек. Resolution (Шешім) параметрінің мәнін орнату қажет. Width, Height, Resolution өрістеріне мән енгізілгеннен кейін, Image Size (Бейне өлшемі) өрісінде құрылатын құжаттың өлшемін бейнелейтін сан пайда болады. Ашылатын Mode (Режим) тізімі келесі нұсқалардан тұрады:
o Bipmap (
Биттік) – графикалық құжатты бейнелеу үшін қара және ақ түстер қолданылады;
o Grayscale (
Сұрдың реңдері) – графикалық құжатты бейнелеу үшін сұр түстің 256 реңдері ұсынылады;
o RGB Color (RGB
түстері) – графикалық құжатты бейнелеу үшін қызыл, жасыл және көк түстерге негізделген RGB моделі қолданылады;
o CMYK Color (CMYK
түстері) – графикалық құжатты бейнелеу үшін көк, қызғылт сары (пурпурный), сары және қара түстерге негізделген CMYK моделі қолданылады;
o Lab Color (Lab
түстері) – графикалық құжатты бейнелеу үшін Lab моделі қолданылады (кең түстер гаммасына ие).
Құжат терезесінде фонның ақ түсін алу үшін Background Contents (Фон түсі) қайта-қосқышына White (Ақ) мәнін орнату керек. Фондық түсті баптау үшін Background Color (Фон түсі) мәні пайдаланылады. Түстің болмауы, яғни құжаттың мөлдір фонын құру Transparent (Мөлдір) мәнін таңдау арқылы орындалады. OK батырмасын басу арқылы жаңа құжат терезесі ашылады [1]. 
Құжатты ашу. Құжатты ашу үшін Open (Ашу) командасы қолданылады
1. File (
Файл) мәзіріндегі Open (Ашу) командасын немесе батырмалар комбинациясын таңдау

Категория: Оқушылардың зерттеу жұмыстары

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
13 октября 2021 21:13

MatthewPrign

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
write paper online
editing an essay

<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
30 марта 2022 17:13

JamesSox

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
1XBET Ug Promo Code https://www.google.com/travel/trips/s/Ugy6yqD6YT3kvUp5sSJ4AaABLKgBnMPEDA

<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
31 марта 2022 06:00

LeropdSox

Цитата
  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
1XBET Promo Code 2022 http://banda.com/news/Free_Bet_1xbet_codes_casino_bonus_130.html

Назад Вперед

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *